Ақтөбе облысында бір тәулік ішінде 30 көлік соқтығысып, төртеуі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Өңірде кешелі бері жауған қар көктайғаққа ұласып, жол-көлік апаты көбейді. Ақ түтек боран болып, ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе -Астрахан республикалық маңызы бар тас жолында қозғалыс шектелді. Өңірде жүргізушілер мен жолаушылар қауіпсіздігі үшін полиция тәулік бойы кезекшілікке шықты.
АЙДОС ҚҰЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚБ БАСТЫҒЫ:
Ақтөбе облысы аумағында ауа райының күр өзгеруіне байланысты, боран және де көріну мүмкіндігі шектелуіне байланысты 2024 жылдың 6 қарашасында Ақтөбе-Астрахан республикалық автокөліктер жолында қоғамдық көліктер және де жүк автокөліктеріне шектеу қойылады. Бұл шектеу Ақтөбе қаласынан бастап Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылына дейні қойылып отыр.