Павлодарда тұрғындардан келіп түскен арыз шағымдардың 70 пайызы өз шешімін тапқан. Түйткілдердің басым көпшілігі жол, ауыз су секілді әлеуметтік мәселелерге қатысты. Ал қалған мәселе жыл соңына дейін шешіледі деп күтіліп отыр. Бұл жайлы «AMANAT» партиясының облыстық филиалының 41-конференциясында айтылды. Жиында партияның 10 айдағы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Бұдан бөлек былтыр ғана халық сайлаған 3 бірдей аудан әкімі есеп берді. Әкімдерге қойылар басты талап -халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға көңіл бөлу.
АЙТУҒАН ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
2024 – 2027 жылдарға арналған бағдарламалар шеңберінде жалпы соммасы 11,8 млрд теңгеге 82 іс-шара жоспарланған. Бұл шаралар халықтың табысын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту және бизнес пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. 2024 жылы осы 82 іс-шараның облыстық басшылықтың қолдауымен, облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен бізде 36 іс шара жүзеге асырылып жатыр. Бұл барлық бағдарламаның 44 пайызын құрайды.