Русский Сайттың толық нұсқасы

Халық емшілеріне тыйым салынды

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2024
  • 239

Өзбекстанда халық емшілерінің қызмет етуіне тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жаңа заңға қол қойды.

Енді ел арасында “халық емшісі” деген атақ жойылады. Елде арнайы медициналық білімі жоқ адам диагноз қойып, емдеу шараларын жүргізе алмайды.

Заңсыз халықтық медициналық қызметпен айналысатындар айыппұл арқалайды. Сонымен қатар оны жарнамалауға да тыйым салынды.