Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарынан жарықпен қамтуға қатысты өтінімдер келіп түсіп жатыр. Бұл туралы «Астана-АЭК» АҚ-ның хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Astana TV.
«Қазір апаттық қызмет мамандары Сарыарқа және Алматы ауданында 10 кВ жарық желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. (Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң жағы). Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазір 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істейді, 2 арнайы техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.