Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада корпоративтік басқару бойынша Ұлттық форум өтті

Елордада корпоративтік басқару бойынша Ұлттық форум өтті. Алаңда іс басқарудың негізгі мәселелері талқыланып, оның озық тәжірибелерін енгізуге байланысты пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ, "Корпоративтік басқару - ұзақ мерзімді табыстың формуласы" тақырыбы аясында халықаралық сарапшылардың интерактивті мастер-класстары ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, басқару ісіндегі ескі жүйені мүлдем жаңартатын, қазақстандық бизнес үшін шаруашылықты жүргізу жағдайларын жүйелейтін мүмкіндіктер талқыланды.

АЙТУАР ҚОШМАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жалпы корпоротивтік басқару- бұл дегеніміз компанияның ішіндегі бір үкімет қой. Оның әрқайсысының өзінің функциялары бар. Сондықтан осы әр орган өз бетімен тәуелсіз болса, білікті болса, елімізгеде тиетін үлесі өте зор болады деген ойдамыз.