Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды

Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды. Осы тұста жергілікті атқарушы органдар елімізде 1110 шақырым қорғаныс бөгеттерін салды. Оның 275 шақырымы 2025 жылғы су тасқыны маусымына дайын. Сонымен қатар 63 мыңнан астам адам жұмылдырылып, 7 мың бірлік техника тартылған. Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, биыл жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан асады деп күтілуде. Қазір су басу қаупі басым деген өзен учаскелерінде 31 деңгейлі гидрологиялық бекет ашылған. Бүгінде елімізде 377 гидрологиялық бекет, 25 қар өлшеуіш маршрут және 347 метеорологиялық станса жұмыс істейді. Сондай-ақ жиында Премьер-министр Олжас Бектенов жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Ол басты міндет – су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету және халық пен инфрақұрылымға қауіп-қатерді азайту керек деді.