Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында ауылдық округ әкімдерінің форумы өтті

Атырау облысында ауылдық округ әкімдері бас қосты. Жиында елдімекен басшылары 4-ші деңгейлі бюджеттің кіріс базасын ұлғайту, сайланған әкімдердің функциялары мен өкілеттіктерін, жоспарлау жүйесін әрі қарай кеңейту туралы пікір алмасты. Сондай-ақ халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын арттыру мәселелерін назарға алды. Осыған байланысты өңірде «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылып келеді. Атырау облысы бойынша былтыр 1,5 млрд. теңге бөлінді. 192 микрокредит беріліп, 218 жаңа жұмыс орны құрылды. 

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Күнделікті мәселеге байланысты тендер мәселесі қол байлау болып келді. Жылдың басында тендерді жариялайды, ол тендер жарты жыл жүруі мүмкін. Жарты жыл қоқыс тазаланбайды деген сөз. Осы мәселелерді былтыр келгенде әкімдер көтерді. Осыны биыл шешіп жатырмыз. Елді басқару – үлкен қызмет, жауапты қызмет. Соған байланысты «AMANAT» партиясынан тағайындалған, сайланған әкімдерге байланысты да біздің партияның тарапынан сұраныс көп, талап көп.