Русский Сайттың толық нұсқасы

Жүргізуші куәлігін алу процесі жеңілдейді

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2024
  • 265

Жолаушылар куәлігін алу үшін емтихан тапсыру қаншалықты қиын? Осы сұрақ 18 жастан асқан кез-келген адамды алаңдатады. Тіпті, автомектепте оқымай, төте жолмен алғысы келетіндер көп. Себебін, сұрасаңыз: Оқу ұзақ, онсыз да айдай аламын немесе емтиханнан бәрібір құлаймыз дейді. Бұл, расымен солай ма? Әріптестерім жүргізушілер куәлігін алудағы емтихан процессінің мән-жайын біліп, зерттеді. 

Рамазан Қошқарбай алғашында жүргізуші куәлігін алуға атүсті қараған. Өзіне сенімді болғандықтан, қатты дайындалмадым дейді. Бірақ, сол үшін опық жеген.

РАМАЗАН ҚОШҚАРБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Автошколаға ускоренный қатыстым 2 апта. Екі ай бос жүрдім. Дұрыс дайындалмадым. 31 балл алып құлап қалдым. 1 балл жетпей қалды. Сосын 2 күн дайындалдым. Күні-түні. Тест тапсыра берсең, оңай екен. Қиын ештеңесі жоқ.

Қазір жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық анализ тапсыру, түрлі мекемелерден анықтама алып келу секілді шаруалар бар. Олар адамдардың уақытын алып, біраз әбігерге түсіретіні жасырын емес. Халық арасында «АвтоЦОН» деп аталып кеткен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бұл процесстердің барлығын оңтайландырмақ. Қазір Астана қаласында пилоттық режимде жұмыс істеп тұрған жүйе, сәтті болған жағдайда, бүкіл ел аумағында енгізілмек. Ал, көпшілікті алаңдататын сұраққа жауап бір екен. Мамандардың айтуынша, емтиханға дайындалған адам емтиханнан құламайды. Ал, тесті тапсыра алмағандар жол ережесін білмейді деген сөз. Десе де, бұл үшін болашақ жүргізушілерді емес, оларды дайындаған автомектептердің кінәсі, - дейді жауаптылар.

МҰХТАР ОТАРБАЙ, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір автомектептер бар, жақсы даярлайды. Екінші автомектептер, нашар даярлайды. Сондықтан, Ішкі Істер Министрлігі оларды лицензиялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Кейінірек олардың барлығы лицензиялық қызмет көрсету жүйесіне көшетін болады. Оқыту саласын жетілдіру, ыңғайландыру үшін жасалынып жатқан шаралар бұның барлығы.

Әмина Қабдығалиева да бірінші реттен емтихан тапсыра алмады. Бірақ, ол – автодромдағы пратикалық емтихан. Сондықтан, қайта дайындықтан өтіп, бұл жолы мүдірмеді.

АМИНА ҚАБДЫҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен бүгін практикалық емтихан тапсыруға келдім. Осыған дейін автомектепте нұсқаушымен дайындалдым. Алғашында, әрине, қатты қобалжыдым. Бірақ, артынша үйреніп, бейімделіп алдым десем болады. Жылдам әрекет ету қабілетімді де дамыттым деуге болады. Себебі, көшеде түрлі жағдай болуы мүмкін. Ауа райы нашар болса да. Мен барлығына дайынмын.

Мамандардың айтуынша, жыл өткен сайын болашақ жүргізушілердің ыңғайы үшін барлық жағдай жасалуда. Тапсырушының әр қадамын аңдып басқанмен, дайындалған адам автодромда сүрінуі мүмкін емес, дейді.

МҰХТАР ОТАРБАЙ, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2023 жылы практикалық емтиханға бірқатар өзгерістер енгізілді. Соның ішінде змейка, 90 градустық бұрылыстар алынып тасталды. Себебі, бұл маневрлер автодромның басқа учаскелерінде қолданылады. Бұл жерде енді балл берілмейді. Балл берілсе, бордюрға мініп кету деген сияқты параметрлер бойынша беріледі.

Жалпы, жүргізуші куәлігін алу қиын, айырылу оңай. Бірқатар, ереже бұзғаны үшін оны тәртіп сақшылары бірден тартып ала алады. Биылдың 9 айында 22752 адам жүргізуші куәлігінен айырылған.