Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысы Шиелі ауданының оқушылары қоқыс қалдықтарын пайдаға жаратуда

Қызылорда облысы Шиелі ауданының оқушылары қоқыс қалдықтарын қайта өңдеп, пайдаға жаратуда. № 47 мектеп-лицейдің шәкірттері қоқыстан түрлі бұйымдар жасаған. Оқушылардың қолынан шыққан туындылардың қатарында роботехника жабдықтары да бар. Тіпті өсімдіктерге нәр беретін тыңайытқыштарды да ойлап тапқан. Оны білім ортасының ауласындағы ағаштар мен жылыжайдағы өсімдіктерді өсіруге пайдаланады. Осылайша қажетсіз заттарды түрлендіріп, қайта өмір сыйлауда. Осы арқылы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қоспақ. 

СӘУЛЕ НҰРМАНОВА, №47 М.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ:

«Жасыл мектеп» ұйымымыз бар. Сол ұйымымызда 150 мүшесі бар. Осы 150 мүшесі мектепбіміздің, мектеп ауласын, жалпы осы ауданымыздың тазалығын сақтауда үлкен үлес қосады. Жыл бойына бізде үздіксіз жұмыстар жүргізіледі. Мысалы көктемнің кезінде өсімдікті өсірумен, егумен айналыссақ, жаз мезгілінде олардан өсімдіктер алумен айналысамыз, ал күз мезгілінде келесі көктемде топырақты, өсімдіктерді дайындайтын боламыз.