Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда ешқандай құжаты жоқ жеке мектеп 200-ден астам баланы үш ай бойы заңсыз оқытқан

Таразда ешқандай құжаты жоқ жеке мектеп 200-ден астам баланы үш ай бойы заңсыз оқытқан. Бірінші тоқсанды аяқтап, табель толтыруға келгенде барлық былықтың беті ашылыпты. Балаларының болашағына алаңдаған ата-ана мектепке кеп шу шығарды. 

Жаздың аяғында жарнамасы жер жарып ашылған жеке мектеп тамыз айынан бастап оқушыларды қабылдай бастаған. Қыркүйектен бері 200 ден астам баланы оқытқан. Алайда бала қабылдап, білім беруге құқығы жоқ болып шығыпты. Заңды құжаты тұрмақ, тіпті мектептің лицензиясы да жоқ.

АЙСҰЛУ ХАСАНОВА, АТА-АНА:

42 мың теңге төйлейтін едік, кейбір ата-ана 46 дан төлейді. Сол жеңілдік сіздерге үш айға 36 мыңнан төлеңіздер деп. Бір ата-аналар бір жылдығын тойлеп тастады 36 мың дегеннен кейін алты айлығын, үш айлығын төлеп тастады. Бірақ ақшамыз да жоқ. Ақшамызды қойшы лицензиясы да жоқ қой. Бір ата-ана емес он ата-ана емес 200 баланың тағдыры шеліп тұр

НҰРГҮЛ САТАЕВА, АТА-АНА:

Балаларымыз бір тоқсан бойы ауада тұр базада жоқ. Мектептің базасында жоқ. Табель да жоқ. Үш ай бойы балаларымыз қайда жүрген сонда, білмейміз. Біздің талабымыз түстен кейін құжаттарымызды берсін. Балдарды мектепке кіргізуіміз керекпіз. Қалай ашты бұл мектепті? Біз сеніп балдарды бердік.

Балаларының алдағы күніне алаңдаған ата-ана енді не істерін білмей дал. Басқа мектепке берейін десе табель жоқ. Яғни үш ай бойы ауада қалған. 250 ге жуық бала мектеп базасында жоқ. Оның үстіне дені 11 сынып оқушылары.

РАУШАН ҚОЖАМЖАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті тексеріп, лицензия бермегені туралы ол кісі бізге жазбаша хат ештеме жолдаған жоқ. Сол себептен біз бейхабар болып отырмыз. Ал енді 1 тоқсан бойы оқымағандықтарын біз мына кісілерге өзіміз запрос жасап, әрқайсысын бағалатуға мүмкіндік жасаймыз. {Бұл жеке мектептер. Сол себептен біздің көп нәрсеге араласа алмайтынымыз осылай тыс қалып қалатын сол себебті болып отыр.

Өңірде құжаты заңды 24 жеке мектеп жұмыс істеп тұр. Ал екі білім ошағының лицензиясы жоқ екені анықталды.