Русский Сайттың толық нұсқасы

107 жастағы кейуана 10 сантиметрлік мүйізінің арқасында әлемге танылды

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2024
  • 116

107 жастағы Чэнь есімді әйел ерекше келбеті арқасында Қытайдың Douyin әлеуметтік желісінде танымал болды. Оның маңдайында эпителий жасушаларынан түзілген конус тәрізді 10 сантиметрлік өсінді өсіп кеткен. Бұл туралы New York Post басылымы хабарлайды.

Бастапқыда мүйіз кішірек болған және бірнеше жыл ішінде осындай мөлшерге жеткен. Чэньнің айтуынша, оның пайда болуы мүлдем қолайсыздық тудырмайды. Ол жасына қарамастан денсаулығына, тәбеті мен көңіл күйіне жақсы қарап жүр.

Douyin қолданушылары Чэньнің ұзақ өмір сүруінің құпиясы дәл осы мүйізде деп әзілдейді.

Дәрігерлер мұндай өсінділерді тері мүйізі деп атайды. Мұндай ісіктердің адам денсаулығына қатері жоқ. Дегенмен уақыт өте келе қатерлі ісікке айналу қаупі бар деді мамандар. Өкінішке қарай, олардың пайда болу себебі әлі анықталмаған.

Еске салайық, бұған дейін филиппиндік 2 жастағы Джарен Гамонган басқаларға ұқсамайтын, өзгеше кейіпте дүниеге келгенін жаздық. Джареннің анасы бүкіл денесін түк басқан баласының ерекше болып туылуына өзін кінәлі деп санайды. Әйел Джаренге жүкті кезінде жабайы мысық етіне жерік болған.