Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасынан 155 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2024
  • 156

Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына «Абай» шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түсті. Бұл жағдай «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосып, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметі жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеді. Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілді. Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатыр», - деп хабарлады Qarmet компаниясының баспасөз қызметі.