Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында есірткі заттарын сататын 30 алаң бұғатталды

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2024
  • 170

Прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттарын анықтаған.

Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды.

Облыс прокуратурасы бұл бағыттағы тұрақты жұмыс жүргізуде.