Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2024
  • 192

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда депутаттарға ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер мен дене шынықтыру және спорт туралы заң жобасын қарау ұсынылады.

Заң жобасында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді көздейтін нормалар қарастырылған. Бұл бағдарлама ата-аналар мен мемлекеттің бірлескен күшімен балалардың білім алу мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Депутаттар дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша да кейбір нормаларды жетілдірді. Тиісті заң жобасы спорттың басым түрлерін анықтау және оларды қаржыландыру, спорт түрлерін ранжирлеу жүйесін алып тастауға бағытталған.

Сонымен қатар Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.