Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жүздеген мигрант әкімшілік соттың есігін торуылдауға мәжбүр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жүздеген мигрант әкімшілік соттың есігін торуылдаумен жүр. Өзбекстан мен Тәжікстан елінің азаматтары көші-қон заңын бұзғаны үшін шекарадан өткізілмей, әкімшілік сотқа жіберілген. Қазақстанға жұмыс іздеп келгендердің дені- елде жүру тәртібін өрескел бұғандар. Араларында тіпті жеті жылдан бері уақытша тіркеуге тұрмай жұмыс істеп жүре бергендер де бар екен. Олардың барлығы енді елден аластатылады. Кейбіріне айыппұл салынады, -деді сот өкілдері. Алайда, мигранттардың дені заңда көрсетілген айыппұлды төлеуге шамасы жоғын айтып отыр. Ал соттың созылуына бұл істерді небәрі үш-ақ судьяның қарап жатуы себеп. Ағылып жатқан шетелдіктердің ісін олар қарап үлгере алмауда. Мысалы, сотта былтыр 15 мыңнан аса іс қаралған. Биылғы он айдың өзінде қабылданған шешімдердің саны 18 мыңнан асып кетіпті. 

БЕРІК ҚАЙЫПОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Күні кеше 185 па іс қаралды. Қазір екі судьямыз, екеумізге тоқсан істен болды. Негізі нагрузка бойынша, ереже бойынша 80 іс айында қаралу керек. Әкімшілік істер 80 іс болу керек. Оны күнде кейде оны асырып жібереміз.