Рудныйда екі жүзден астам көпқабатты үй жылусыз қалды.Кеншілер шаһарында бірден екі құбыр жарылған. Қаладағы Топорков көшесінің бойындағы жылу құбыры түн ішінде жарылған. Сөйтіп 198 абонент таң атқанша бүрсеңдеп шықты.Таңғы тоғызда ғана жылу берілген. Ал Стройтельный көшесінде 27 тұрғын үй біршама уақыт жылусыз отырды. Рудный жылу желісінің жұмысшылары бұл маңайдың да құбырын жамап, қалыпқа келтірді.Мекеме басшылары шаһардың жылу құбырының 66 пайызы тозып тұрғанын мәлімдеді.Қанша жаңартылса да ақаулар болары анық деп отыр.