Русский Сайттың толық нұсқасы

Ми ісігіне шалдыққан 5 айлық нәрестеге күрделі операция жасалды

Елордада 5 айлық нәрестеге күрделі операция жасалды. Диагностика нәтижесінде сәбиден туа бітті жайылған ми ісігі анықталған. Операция кезінде жоғары техноглогиялық жабдықтар, хирургиялық емдеудің заманауи әдістері, анестезиологялық сүйемелдеу және отадан кейінгі реанимациялық емдеу қолданылды. Қазір нәрестенің жағдайы тұрақты. Есту қабілеті қалпына келіп, ұйқысы жақсарған. Әрі қарайғы емдеу гистологиялық зерттеуден кейін жоспарланады.