Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өздігінен тұра алмай қалды»: елордалық құтқарушылар 73 жастағы әжені құтқарды

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2024
  • 134

Астанада өз пәтерінде құлап қалып, артынша есігін аша алмай қалған кейуанаға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сарыарқа даңғылындағы пәтерлердің бірінде 1951 жылы туған қарт әйел өз пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмай қалды.

Төтенше жағдай орын алғаны туралы хабар түскен соң, елордалық жедел-құтқару жасағы оқиға орнына келіп, аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты.

Құтқарушылар еденде жатқан әжені қауіпсіздікпен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.