Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда емханалар жанындағы күндізгі стационарлардың жұмысы өзгереді

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2024
  • 132

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, стационарды алмастыратын медициналық көмектің шекті көлемін анықтау әдістемесі енгізілген.

Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек медициналық көмектің деңгейлері (бірінші, екінші, үшінші) бойынша жоспарлы түрде көрсетіледі.

Өңірлер деңгейіндегі стационарды алмастыратын жағдайларда бақылау, емдеу және күтім жасау үшін шекті көлемдердің санын уәкілетті органмен келісім негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қалыптастырады.

Бірінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер:

тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін жіті және (немесе) созылмалы аурулардың асқынуы, соның ішінде 4-санатты шақыртуға қызмет көрсеткеннен кейін МСАК ұйымдары жанынан жедел медициналық көмек бөлімшесі бригадасы фельдшерінің (дәрігердің) жолдамасы бойынша.

бекітілген халқы бар ұйымдарда динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулары бар пациенттер тобын белсенді жоспарлы сауықтыру;

көрсетілімдер болған кезде тәулік бойғы стационардан шығарылғаннан кейін пациентті стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді жалғастыру.

Мейіргер күтіміне мұқтаж паллиативтік медициналық көмек алатын пациенттерді қоспағанда, стационарды алмастыратын жағдайларда бірінші деңгейде емдеу ұзақтығы сегіз жұмыс күнінен аспайтын уақытты құрайды.

Паллиативтік медициналық көмек алатын және (немесе) мейіргерлік күтімге мұқтаж пациенттерді емдеу ұзақтығы пациенттің жай-күйі ескеріле отырып айқындалады.

стационардан шығарылған, терапияны жалғастыруды қажет ететін және тәулік бойғы бақылауды талап етпейтін стационар жағдайындағы (инсульттан кейінгі, инфаркттан кейінгі жай-күйлер және басқа да критикалық жай-күйлер) операциялық араласудан, қарқынды емдеу курсынан кейін пациенттерді емдеу;

қан препараттарын, қан алмастыратын сұйықтықтарды құюмен, арнайы гипосенсибилиздейтін терапияны, күшті әсер ететін препараттардың инъекциясы, дәрілік заттарды буын ішілік енгізумен емдеу жүргізу;

тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін жағдайларда химиотерапияны, сәулелік терапияға мұқтаж пациенттерді емдеу.

Жобаның толық нұсқасы 22 қарашаға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.