Русский Сайттың толық нұсқасы

Тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2024
  • 184

 Ақтөбеде тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

— Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.