Русский Сайттың толық нұсқасы

Испаниялықтар үкіметке қарсы көтеріліске шықты

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2024
  • 134

Мадрид және Валенсия қалаларында халық үкіметке қарсы митингке шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. Басылымның мәліметінше, су тасқынына байланысты 130 мыңға жуық тұрғын митингке шыққан.

Жергілікті халық провинция президенті Карлос Мейсонның отставкаға кетуін қалайтынын жеткізді. 

Митингке шыққан азаматтар "Валенсия басшысы түскі асын ұзақ ішіп болғанша, ондаған қала су астында қалды" деген жазуы бар плакат ұстап шыққан. Митингке шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болған.