Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Польша Президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2024
  • 131

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.