Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облыстық балалар ауруханасында 10 айлық сәби шетінеді

Қостанай облыстық балалар ауруханасында 10 айлық нәресте көз жұмды. Баласынан айрылған Күнімхан Зарлыхан әлеуметтік желіде жазба қалдырып, дәрігерлердің салғырттығын сынады.Солардың кесірінен сәбиім шетінеді деп отыр.Күнімханның айтуынша ақ халаттылар науқас балаға нақты диагноз қоя алмаған.Сәл ғана демікпесі болған Дербес бірнеше күн облыстық ауруханада жатқан. Денсаулығы күрт нашарлап жансақтау бөлімінде жан тапсырыпты. 

КҮНІМХАН ЗАРЛЫХАН, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

Түнде баланың демалуы қиындай түсті. Дәргер шақырдым, нормально деді. Демікпесін басатын укол салдырды түнде. Бала түнде жатпайды. Таңға дейін кіріп-шығып уақыт өтті. Жағдайы жақсы. Бірдеңе колите деп айқайлап сөйлейді. Мынау қандай грубый деп қоям. Екі күн ұйықтай алмай жүрміз деп. Онда балаға сивозон саламыз деді. Оны салуға болмайды екен. Судорга болған жоқ. Айтты балаңыз неге мазаң, жылағанын басу үшін деп. Одан кейін реакция жоқ. Бала мүлдем жыламайды. Резко жансақтау бөліміне алып кетті. 

Денсаулық сақтау басқармасы сәбидің өліміне қатысты түсініктеме берді. Арнайы тексеріс басталғанын хабарлады.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

Осы іске байланысты денсаулық сақтау басқармасында қызметтік тексеру басталды. Сондай-ақ оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілетінін хабарлаймыз. Сараптама нәтижелері мен медициналық фармацевтикалық қызметтің сапасы, бақылау комитетінің (ҚҚМДБ) қорытындысы ұсынылады.