Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде боранда 81 жастағы қария жоғалып кетті

Қызылжар өңірінде боранда қария жоғалып кетті. Есіл ауданының 83 жастағы тұрғыны түнгі уақытта үйінен шығып кетіп, із -түссіз жоғалған. Туғандары зейнеткердің есін жоғалтқанын айтып отыр. Сондықтан оның қай бағытқа кеткенін болжау қиын. Ауыл тұрғындары, полицейлер және құтқарушылар жабылып іздеп жатыр. Алайда, екі күннен бері таба алмай әлек. Қазір төтенше жағдай мамандары Есіл өзенінде де сүзу жұмыстарын жүргізуде. 

ЕРНАР РҮСТЕМ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қарашаның 10 күні сағат 11.10 минутта төтенше жағдай департаментінің іздестіру тобы құрамында 10 адам, 1 қайық, 1 ұшу құралы және бір кинологы бар және полиция департаментінің 5 адамы, 2 бірлік техникасы, жергілікті халықтан 8 адам Есіл өзенінің бойында 1941 жылы туған ер адамды іздестіруді жүргізді.