Русский Сайттың толық нұсқасы

8 таблетка берген: Астанада мектепте антибиотик қабылдаған оқушы уланды

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2024
  • 203

Астанадағы №27 мектепте оқушы антибиотиктен уланған деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәліметтерге сүйенсек, мектеп медбикесі балаға 8 таблетка берген. Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевқа Астанада оқушы қыздың антибиотиктен улануы фактісі жөнінде сұрақ қойылды.

“Өңірлік департамент бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жариялады, қорытындысын хабарлаймыз. Қызметтік тексеру әлі аяқталмады", - деп жауап берді денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.