Павлодарда «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 6 мыңға жуық адам оқыды. Бұл жоба «AMANAT» партиясының бастамасымен іске асқан. Мақсат- адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Себебі елімізде несие алып, оны төлей алмай жүргендер көп. Оның барлығы қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан қарызға белшесінен батқан. Көпшілігі өз мүмкіндігін есептемей несие алады. Жоба жетекшілері тұрғындарға несиені дұрыс есептеп алу, оны төлеу, кәсіп ашу, қаражатты сауатты пайдалану сынды қаржылық сауаттылықты үйретеді. Жоба жыл соңына дейін жалғасады.
ЖАНАР БАТЫРАШИНА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ МЕНТОРЫ:
Жоба елдің барлық тұрғындарына арналған. Бастапқыда тек қарызы бар адамдар мен кәсіпкерлер ғана оқыған. Одан кейін қызметіміз ұлғайды. Оқу барысында сұрасақ, халық несиені қандай пайыз мөлшерлемесімен алғанын да білмейді. Тіпті, келісімшартты да оқымайды. Сондықтан бүгінгі оқуда несиенің қыр-сыры туралы айтамыз. Бұдан бөлек депозит ашуда неге мән беру керек. Қазір жеке тұлғалар өздерін банкрот деп жариялай алады. Осындай сұрақтарды қарастыратын боламыз.