Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Батыс Қазақстан облысында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Биыл Батыс Қазақстан облысында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Аймақта газ өңдеу зауыты салынбақ. Соның негізінде тағы жүздеген адам еңбекпен қамтылады.

Облыста өндіріс саласы тұрақты дамып келеді. Биыл 2,6 трлн тегенің өнімі өндірілген. Аймақ басшысының айуынша, инвестиция тарту арқылы көптеп өндіріс орындарын ашып, отандық және жергілікті өнім түрлерін көбейтпек. Осы бағытта қазір Қарашығанақты кеңейту жобасы қолға алынған көрінеді.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өткен жылы 4-ші компрессор, ағымдағы жылы 5-ші компрессор пайдалануға берілді. Аталған жоба Қарашығанақ кен орнындағы шикі газды дайындау, кері айдау және газды өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Өңірде биыл ірі және ұсақ мал саны артқан. Яғни, ұсақ мүйізді мал басының саны 2 млн-ға жуықтаған. Оның 1 млннан астамы ірі қара болса, жылқы саны 350 мыңнан асқан. Ал, түйе 3 мың басқа жетіпті. Қазір аймақта өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің 60 пайызы мал шаруашылығына тиесілі екен.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биылғы жылы облыс бойынша барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы - 616 мың га құрады. Бүгінгі таңда егін ору науқаны облыста толық аяқталып, 300 мың тонна астық, 96 мың тонна майлы дақылдар, 50 мың тонна картоп, 46 мың тонна көкөніс және бақша өнімдері жиналды.

Сонымен қатар облыста көлік-логистика саласы да ерекше ықпал алып келеді. Өткен жылы өңірде 562 шақырым жол жөнделсе, биыл 642 км жол жөнделген. Айта кетейік, өңірде негізі капиталға салынған инвестициялар көлемі 437 млрд теңгені құрады. Жеке инвестицияардың көлемі 342 млрд теңге.