Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада «Жер аманаты» жобасы негізінде 76 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды

Қызылордада биыл 76 мың гектардан аса жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Яғни әлдекімдердің гектарлап алып, қараусыз қалған жерлер мақсатты игеріле бастады. Соның есебінен мал жайылымы кеңеюде. Одан бөлек, шараулардың егіс алқаптарының көлемі артып жатыр. Мамандар бұл жердің азып-тозып кетпеуі үшін де маңызды екенін айтады. Қазіргі таңда аймақта жайылыммен қамтамасыз ету деңгейі 73 процентке жетті. Бұл мақсаттағы жұмыстар әлі де жалғасады. Ол «AMANAТ» партиясының «Жер аманаты» жобасы негізінде іске асуда. 

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAТ» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
76 мың гектар жер қайтарсақ, сол 113 азаматтың егістік жер иелеріне қайтарылды. Бұл біздегі арнайы интерактивті тақтада, әлеуметтік желіде, интернетте жарияланған. Сол жердің бос бос еместігін біздің жерлестеріміз көре алады. Негізгі мақсат кәсіп істеймін, ауылшаруашылығын дамытатын азаматтарға беру.