Биткоинның бағасы да шарықтап барады. Соңғы мәліметке қарағанда, оның құны 87 мың доллардан асып кеткен. Бұл өсімге АҚШ-та Дональд Трамптың билікке келуі және Конгреске осы ақшаға жақтас кандидаттардың өтуі себепші.
Трамп бұған дейін Құрама Штаттарды «Планетаның крипто астанасы» етуге уәде берген еді. Әрі биткоиннан ұлттық қор жасақтауға шақырған. «Рейтер» агенттігінің дерегінше, биржаларда осы валютамен байланысты акциялар да қымбаттап жатыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.