Пәкістанның солтүстігінде тойға бара жатқан қонақтар мінген автобус апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Dawn телеарнасы құтқару қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.
"Сейсенбіде Гилгит-Балтистанның Диамер ауданында 22 адам мінген автобус өзенге құлап, суға батып кетті. Көлік той кортежінің бір бөлігі болған", - делінген хабарламада.
Қалыңдық аман қалған, ол бірнеше жарақат алып, ауруханада жатқаны айтылады. Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.