Русский Сайттың толық нұсқасы

35 адам көз жұмды: Қытайда ер адам көлікпен көпшілікті қағып кетті

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2024
  • 173

Қытайдың оңтүстігіндегі Чжухай қаласында ер адам көлікпен көпшілікке соғылып, 35 адам қаза тапты. 43 адам ауыр жарақат алған. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап South China Morning Post хабарлады.

Оқиға 11 қараша, дүйсенбі күні кешке спорт орталығының жанында болған. Қайғылы жағдай кезінде ол жерде серуендеп және спортпен шұғылданып жүрген адам көп болған. Жарақат алғандар арасында қарт адамдар, жасөспірімдер және балалар бар.

Көлік тізгінінде 62 жастағы ер адам отырған. Ол қылмыс орнынан қашып кетуге тырысқан кезде құқық қорғаушылар оны ұстап алған.

Полиция қызметкерлері ер адамның көлікте отырғанда өзіне пышақ жарақаттарын салғанын анықтап, оны бірден ауруханаға жеткізді.

ВВС-дің хабарлауынша, ер адамның әрекетіне ажырасқаннан кейінгі мүлікті бөлумен байланысты наразылықтар себеп болуы мүмкін.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.