Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәскеуде болған алапат құйын Астанаға келмейді - Қазгидромет

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2017
  • 2448

Мәскеуде болған алапат құйын Астанаға да келеді деген ақпарат жалған. Сондықтан Төтенше жағдай қызметі даурығуға негіз жоқ деп отыр. Бүгін мамандар елордада қатты жел тұратынын айтып, ескерту жасаған еді.

Аягөз Фазылова, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Егер де секундына 15-20 метр жел болса, біз ескертулер жібереміз. Бірақ та халық мұны дұрыс түсінбей, Ресейдегі жағдаймен байланыстырып, өздері Астанаға үлкен дауыл келе жатыр деп, үрей тудыруда. Тағы да ескертеміз - бұл кәдімгі жұмыс, ескерту.

Ал Қазгидромет мамандары, Ресейде болған дауыл Қазақстанға келмейді, деп отыр. Бірақ елдің бірсыпыра өңірінде 15-20 метр жылдамдықта жел соғып, дауыл тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, - дейді мамандар.

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Тек екінші маусымда республиканың батыс аймақтарында ауа райы бұзылып, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады және температура төмендейді.