Русский Сайттың толық нұсқасы

Спорттағы «кадрлық тазарту»: 10 өңірдің басқарма басшылары қызметінен босатылған

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2024
  • 158

Қазақстанның 10 өңірінде спорт басқармаларының басшылары қызметінен босатылған. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр спорт саласындағы нәтижелер соңғы жылдары қатты төмендеп кеткенін айтты.

«Қазір он өңірде спорт басқармаларының басшылары өз қызметін босатты. Бұған объективті себептер бар. Соңғы жылдары лицензия санынан бастап Олимпиада ойындарының медаліне дейін нәтиже қатты төмендеп кеткен. Министрлік комиссия құрып, оның құрамына депутаттар, қоғамдық бірлестіктер мен ведомство өкілдері кірді», - дейді Мырзабосынов Мәжіліс кулуарында.


Осы орайда ол спорт басқармасына тағайындалатын адамдарға қандай талаптар қойылатынын айтты.

«Өңірлерге баратын мамандар үшін бірінші критерий – спорт саласынан болуы тиіс. Ол спортты басқару негіздерін білетін, дайындық әдістемесі мен теория бағыттарын меңгерген адам болуы керек. Осы критерийлерді негізге алып, біз ол маманға баға беріп, оны әкімдіктерге ұсынамыз», - деп түсіндірді министр.

Мырзабосынов спорт басқармасы басшысының министрлікке бағынып, қаржыны әкімдіктің бөлуі мүдделер қақтығысына әкеледі деп санамайды.