Полиция қызметкерін қатыгездікпен өлтірген Қостанай облысының тұрғыны өмір бақиға бас бостандығынан айырылды. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы ауыр қылмыстың алдын ала жоспарланғанын анықтады.Прокурорлар аудан тұрғыны кек қайтару мақсатында қатыгездікпен кісі өлтіргенін растайтын айғақтар тапқан. Сотталушы 3 жыл бұрын ұрлық және полиция қызметкерінің өміріне қастандық жасағаны үшін істі болған көрінеді. Сол кездегі материалдарды сақтап, құжаттағы лауазымды тұлғалардың аты-жөндері тұсында «пышақтаймын» деп жазған.Ал Ұзынкөл ауданы полиция бөлімінің криминалисі есімін дөңгелекпен қоршап, «пышақтаймын қаз» деген сөз қалдырған. Сот процесінде бұл жазбаларды полиция қызметкерлеріне ренжіп жазғанын түсіндіріпті.Мемлекеттік айыптаушы бұған дейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталушыны қоғам үшін қауіпті деп санаған.Сондықтан оны өмір бақиға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды.
ЛӘЗЗАТ БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қылмыстық ауырлығы мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ексере отырып, қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, өмір бойына бас бостандығы өтеу жазасс тағайындалды.Сонымен қатар сотталушының әрекетінде қылмыстың қаупі қайталану танылды.Жәбірленуші тараптың жалпы соммасы 5 миллион көлемінде азаматтық талабы қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.