Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда 22 жастағы жігітті өлтірген күдікті ұсталды

Көкшетауда 22 жастағы жігітті некеге тұрған күні өлтіріп кетті. Қайғылы жағдай түнгі клубтағы жанжал кезінде болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ оқиғаға қатысты 6 адам анықталып, бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

БАХТИЯР УТЕКИН,  ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі тіркелді. Осыған байланысты полицейлер ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы басшылық бақылауында.