Тергеу изоляторындағы әйел ауруханадағы бөлмеден төсектің екі жаймасын батареяға байлап, терезе арқылы қашып кеткен. Ол өзін бақылап отырған инспектор-психологтың ұйықтап қалған сәтті пайдаланған. Бірақ, көп ұзамай айыпталушы ұсталып, қамалды. Атышулы оқиғадан кейін күдіктіні күзету бойынша постты қабылдаған аға сержант қызметінен босатылған. Бұнымен келіспеген ол қылмыстық атқару жүйесі мекемесіне жұмысын қайта қалпына келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Жоғарғы сот істі қарап, талапты қанағаттандырды.
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ:
Талап қоюшы (ер адам) әйелді күзетпеуі керек еді, өйткені Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды қорғау және қадағалау қағидаларына сәйкес, айыпталушы әйел ауруханаға жатқызылса, онда оны күзету үшін әйел-бақылаушылар тағайындалады. Сонымен қатар, жауапкер тарапынан тергеудегіні күзетуді ұйымдастыруда заң бұзушылықтарға жол берілген,терезелер тормен жабдықталмаған, жеке есігі жоқ бөлмеге орналастырған.