Қытайда көлік жүргізушісі бір топ адамды қағып, үстінен таптап өткен. Салдарынан 35 адам қаза тауып, 45-і жарақат алды. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Чжухай қаласында болған. Полицейлердің ақпаратынша, жол талғамайтын көлік тізгіндеген адам бұл әрекетін қасақана жасаған көрінеді. Себебі оқыс жағдайдан соң ол өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Дер кезінде үлгеріп, оны аман алып қалды. Қазір күдікті ауруханада. Оқыс оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.