Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдады

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2017
  • 2592

Мемлекеттік саясаттың бірқатар бағыты бойынша сапалы ақпараттық жұмыс жүргізудің маңыздылығы жоғары. Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Біріншіден, ақпарат құралдарында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асырылу барысы көрсетілуі керек. Екіншіден, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын орындау жұмысын насихаттауды күшейту қажет», деді Президент. Себебі мемлекеттік бағдарламалардың атқарылып жатқан нақты жұмыстары көбіне халыққа жете бермейді. Президент министрге бұдан өзге бірқатар тапсырма жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әр уақытта біз бағдарламаларды айтамыз да, айтып-айтып қоя саламыз, артынан не істеп жатқаны... Әрине, "Рухани жаңғыру" - ол біздің идеологиядағы негізгі мәселе. Алты саланың ешбірі қалып қоймауы керек. Барлығы бойынша жұмыс істеу керек. Ол жергілікті әкімшіліктерге де қызық, интеллигенцияға да қызық, жастарға да қызықты, барлығы бар. Солардың барлығының ой-өрісін көтеріп, солардың бәрін жұмыс істету керек.