Русский Сайттың толық нұсқасы

Олжас Бектенов Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы қазақстандық компаниялардың геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, оның ішінде инвестицияларды одан әрі тарту үшін техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу бөлігіндегі әлеуетін атап өтті. Мұндай тәсіл Қазақстанның сирек және жерде сирек кездесетін металдарының әлемдік өндірісіндегі үлесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Олжас Бектенов Үкімет отандық ғылыми-зерттеу институттары мен өндірушілерге қолдау көрсететінін айтты. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, шикізат өндіруден бастап терең өңделген өнім шығаруға дейінгі өндірістік тізбектің толық циклі бар кластер құру үшін модель әзірлеу тапсырылды. Сондай-ақ Ұлттық геологиялық қызмет базасында халықаралық аккредиттелген зертхана құру мәселесін пысықтау жүктелді, бұл қазақстандық кәсіпорындарға жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес болуға мүмкіндік береді.