Елімізде креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі. Бүгін Мәжілісте ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив саласындағы заң жобасы таныстырылды. Жаңа құжат аталған салалардағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және атқарушы билік қызметін шамадан тыс заңнамалық регламенттеуді болғызбайды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа заң жобасы 3 үлкен бағытқа бөлінгенін айтты. Алғашқысы, саланы реттейтін ұзын саны 9 заңға өзгерістер енгізіп, осыған орай олардың мақсатын, міндеттері мен принциптерін қайта анықтайды.
АИДА БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
Заң жобасы министрліктің құзыретін заңнамалық тұрғыдан шамадан тыс реттеу мәселесін шешеді. Атап айтқанда, бұрын заңнамаға сілтенетін министрліктің мойнындағы төл міндеттері, соның ішінде ішкі процедураларға және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты нормалар ендігі жерде министрліктің ережесімен реттелетін болады.
Соңғысы креативті индустрия өкілдеріне мемлекеттік қолдау көрсету шараларына бағытталған. Яғни, аталған өндірісті қолдаудың нақты шараларын көздейтін мемлекеттік саясатты анықтайтын өзгерістерді ұсынады.