Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бір пәтерді сатып, Египеттен төрт баспана алуға болады

Биыл нарыққа қайта сатылымға қойылған ескі пәтерлер құны 3,9%-ға, жаңа тұрғын үйлер 2,3%-ға қымбаттады. Жалдау ақысы да өскен. Қазіргі таңда ең қымбаты Астанада. Бірақ, Алматы да онан қалыспайды. Баспана бағасы шарықтап барады. Өзге өңірлерде де үй арзан емес. Тілшілер тарқатып айтады. 

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Алматыда пәтер бағасы өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Мегаполистегі бір пәтерді сатып, Египеттен төрт баспана алуға болады. Тіпті қаласаңыз, екі бөлмелі үйіңізді Шотландиядағы аралға айырбастауға да мүмкіндік бар.

Алматы аумағындағы пәтерлердің бір шаршы метрі шамамен- 593 мың тенге. Таулы шаһарда жылына жүздеген көпқабатты үй салынады. 2023 жылы 2,5 млн шаршы метр үй берілген. Ал, биыл 2 млн шаршы метрге дейін баспана тапсыру жоспарға қойылған.

САМАЛ СҮЙСЕНОВА, РИЭЛТОР:

Бір үйде однокомнатный 20 млн болса, дәл қасындағы үйде 25 млн болуы мүмкін, келесі үйде 30 млн болуы мүмкін. Центрда конечно орталыққа қарай қымбат. Мысалы қазір Самал районында тұрмыз ғой. Бұл районда бір бөлменің өзі 35 миллион. Ал енді ең қымбат пәтер десеңіз Алматыда, ол конечно миллиардтан асады. Сондай да үйлер бар.

Алматының орталығында орналасқан үйлердің бір шаршы метрі шамамен 1900 доллар тұрады. Өзге елдермен салыстырар болсақ, Египетте су жаңа пәтерлердің бір шаршы метрі 343 доллар, ал Португалияда 1100 доллар, Испанияда 1300 доллар, Әзірбайжанда 995 доллар.

КАМИЛА НҰРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы Алматы қаласынан пәтер іздеп жүргеніме уже бір жыл болды. Өйткені бағасы квартиралардың өте үлкен. Жыл сайын емес, даже ай сайын өсіп жатыр. 20 миллионға даже 1 комнаталы пәтерді таба алмай жүрміз. Екі үш комнаталық пәтер туралы уже ойламай-ақ қойсақ та болады.

Мамандардың айтуынша, мегаполистегі пәтер бағаларының удай қымбаттауы Алматыға көшіп келетіндер санының артуына да байланысты. Одан қалса, құрылыс материалдарының басым бөлігі шетелден сатып алынады. Қажетті заттардың 41,9 пайызы Ресейден, 23,8 пайызы Қытайдан, ал 5,8 пайызы Өзбекстаннан әкелінетін көрінеді. Құрылыс материалдарының еліміздегі бағасы да оңып тұрғаны шамалы. 2024 жылдың үш тоқсанының қорытындысына қарасақ, құрал-жабдықтардң құны 7 пайызға өсіпті.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қарапайым бір бөлмелі пәтердің ақысының өзі ойға қонымсыз. Мен іздестіріп жүрмін, но ақша жағынан миға келмейді.
- Алматыда шынымен пәтердің бағасы өте қымбаттап жатыр. 2023 жазда сатып алғам. Кв метрі примерно 885 мыңға шықты 4 бөлмелі болғаннан кейін. Енді қазіргі таңда 120 миллион оны сатсам.
- Өткен жылы бір 20 млнға алатын үйлер қазіргі таңда оған қарағанда әлдеқайда жоғары. Соның кесірінен қазіргі таңда біз үй ала алмай жатырмыз.

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Алматы 1 шаршы метр тұрғын үйдің қымбаттығы бойынша әлемде 236-шы орында, ал ТМД елдері арасында жетінші межеге табан тіреген. Ал, Қазақстанның батыс аймағында баспана бағасы қандай? Әрі қарай әріптесім Базаргүл Нәдірқызы жалғастырады.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Атырауда пәтерді қайта сату бағасы былтыр дәл осы мезгілмен салыстырғанда 24,7 пайызға қымбаттаған. Тіпті Астана қаласымен салыстырғанда да алда. Бас қалада пәтер құны 11 пайыз ғана көтерілген. Бұл – статистика департаментінің дерегі.

Былтыр өңірде 1 шаршы метр 336 мың теңге болса, биыл 474 мың теңгеге саудаланыпты. Мамандар тұрғын үй нарығындағы пәтерді қайта сату бағасының көтерілуінің себебін айтты.

ЗӘУРЕШ БАЙМҰҚАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Әр сатушы өз бағасын қояды пәтеріне. Көбі материалды есептейді, жөндеу жасаса, инфляцияға байланысты деп түсіндіреді . құрылыс маметариалына байланысты ремонт жасаған кезде.

Статистикалық дерек бойынша, аймақта керісінше, жаңа пәтердің құны сәл де болса, арзандаған. 5 пайызға. Жылдымайтын мүлік нарығында 15 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар баға құнын пәтерін сатушылар жасанды қымбаттатып отыр деп есептейді. Баспана сататын сайттарда мұндай пәтерлер жылдап өтпей тұрады екен.

АЙГҮЛ АСАНОВА, САТУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Әдетте пәтер иесі сайтты қарап отырып, баспанасын қымбатқа бағалағысы келеді. Алайда бізге келетін тұрғындар біз ұсынған бағаға келіспесе, тәуелсіз компанияларға бағалау жүргізуге кеңес береміз. Солар қойған бағадан 10-15 пайыз төмендетсек, нарықтағы нақты баға шығады. Биыл пәтер сату айтарлықтай азайды. Өйткені банктың пайыздық мөлшерлемесі артты. Мысалы, 40 млн теңгенің пәтерін банкепен есептеткен кезде, үстіне 28 млн теңге қосып төлеу керек болған. Бұл тым артық.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Сондықтан жылжымайтын мүлік нарығында биыл үй сатып алу едәуір азайды,- дейді мамандар. Жылжымайтын мүлік нарығындағы жаңа пәтерлердің құнының арзандауы екіталай. Себебі құрылыс материалдары шетелден тасымалданады.