Русский Сайттың толық нұсқасы

«АMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Қызылорда облысы аумағындағы құндылығымен танымал ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра объектісінің 42-сі Шиелі ауданы аумағында орналасқан. «Оқшы ата», «Асан ата» және Қыш, Ғайып ата мазараттары қанша ғасыр өтсе де құндылығы мен тарихи маңызын жойған емес. Биыл олардың кесенелерін қайта жаңғыртудан өткізу мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Бұл баба рухына құрмет ғана емес, тарихи мұраларымызды бұзбай сақтау үшін маңызды екені «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысында айтылды. Кеңес мүшелері тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдениет үйлерінің жағдайымен танысып шықты. Сонымен қатар, жиында ұрпақ тәрбиесі тақырыбында сөз болды. Жасөспірімдер арасында жаппай төбелес, суицид, зорлық-зомбылық әрекеттерінің көп екені талқыланды. Оның алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. «АMANAT» партиясының Cайлауалды бағдарламасында айтылған «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылды. 

БАЙМЫРЗА ҚОЖАМБЕРЛИЕВ, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ «MIRAS» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өзекті мәселелер, қоғамда қордаланып қалған мәселелер, осы өордаланып қалған мәселелерді шешу жолында біз барлығымыз бірігіп, қоғам болып, халық болып, ел болып бірігіп, соның ішінде үлкен саяси күш «АMANAT» партиясының басқаруымен де көптеген жұмыстар атқарылып келіп жатқанын атап өтуге болады.