Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды қаласында “ Amanat” партиясының «Кітап-Amanat»  жобасы  кең қолданысқа ие болды

Қарағанды қаласында “ Amanat” партиясының «Кітап-Amanat»  жобасы  кең қолданысқа ие болды. Жоба іске қосылғалы отандық авторлардың туындылары жеке орталықтар мен қоғамдық көліктерде кеңінен таралуда. Алғашқы "Кітап-Amanat" дүкені партияның облыстық филиал ғимаратында ашылды. Мұнда отандастарымыз үшін ең маңызды әдеби, тарихи- саяси шығармалар барынша арзан бағада сатылады. Әрі кюар арқылы да оқуына болады. Бұл жоба Қазақстандағы қазіргі заман авторларының шығармаларын ғана емес, жалпы отандық әдебиетімізді танытуға бағытталған. Қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауды көздейді. Президент халық арасында кітап оқу мәдениетін дамытудың маңыздылығын үнемі айтып келеді. Қарағандылықтар кітаптарды кюар код арқылы қоғамдық көліктерде келе жатып та оқи алады. 

ЗИЯТ СӘДУАҚАСОВ, “ ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

“Қазіргі таңда қоғамдық көліктерде кюар кодтар ілінуде. Ол кюар кодтар арқылы әрбір азамат кез келген кітапты оқып, жалпы біздің қоғамда оқырман мәдениетін дамыта алады. “Кітап- Amanat” жобасы әр өңірімізде өз жұмысын жалғастырып ұлттық әдебиетке қызығушылықты арттыруда”.