Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы күндері бірнеше өңірде аяз күшейеді

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2024
  • 95

"Қазгидромет" синоптиктері 14-16 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Алдағы үш күнде Қазақстанның батысында, сонымен қатар оңтүстігінде антициклон әсерінен 15-16 қарашада оңтүстік-шығыста, 16 қарашада республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алайда еліміздің солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады. 15-16 қарашада циклон жырасы біртіндеп батыс аймақтарға ауысып, одан жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында 14 қарашада қар жауады деп болжануда. Ел аумағы бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Түнде ауа температурасының батыста 1-10 градус жылыға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус аязға дейін, орталықта 5-13 градус аязға дейін, шығыста 5-18 градус аязға дейін, оңтүстікте 2-10 градус аязға дейін жоғарылайды, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.