Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда сақтандыру компаниялары жол апатында қаза тапқан адамдардың мұрагерлеріне өтемақы төлеуге міндеттемек

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2024
  • 272

Қазақстанда сақтандыру компаниялары жол апатында қаза тапқан қазақстандықтардың мұрагерлеріне өтемақы төлеуге міндеттемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутаттар сақтандыру компанияларын жол-көлік оқиғаларында қаза тапқан қазақстандықтардың мұрагерлеріне сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттеуді, сондай-ақ көлікті міндетті сақтандыру төлемдерінің шекті мөлшерін арттыруды талап етті. 

Депутаттардың айтуынша, қазір егер адам жол апатында қайтыс болса, сақтандыру сомасы қайтыс болған адамның асырауында адамдар болған жағдайда ғана мұрагерлеріне төленеді. Сонымен қатар банк заңнамасының нормаларына сәйкес марқұмның несиелік қарыздары мұрагерлерден асырауындағылардың болуы ескерілмей өндіріп алынады.

Медициналық сақтандыру қоры төлейтін ең қымбат қызметтер белгілі болды

"Тіпті баланың жол апатында қайтыс болуының сақтандыру заңнамасында ешқандай құқықтық салдары жоқ. Бір қызығы, жол-көлік оқиғаларында өлген үй жануарлары үшін сақтандыру төлемдері қарастырылған. Бұл әділеттілік пен парасаттылық қағидасына қайшы келеді. Сақтандыру адамдарды қорғауы керек", – дейді депутаттар. 

Сонымен қатар депутаттар көлікті міндетті сақтандыру төлемдерінің шекті сомасын 600 АЕК-тен (2,2 млн теңге) жоғарылатуды талап етті. Депутаттар бұл сома қазіргі жағдайда көлік жөндеу мен қалпына келтірудің нақты бағасына сәйкес келмейтінін айтады.

"Мысалы, қазір қымбат көліктің бір шамы бірнеше миллион теңге тұрады. Ал жөндеу жұмыстарының көлемі одан ондаған есе көп. Сонымен қатар, жол апатына кінәлі адам қымбат жөндеу жұмыстарына ақы төлей алмайды, бұл ақыр аяғында оның материалдық жағдайын нашарлатып қана қоймай, несие алып, мүлкін сатуға мәжбүр етеді", – дейді депутаттар.