Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында браконьерлердің көлігінен екі еліктің өлексесі табылды

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2024
  • 197

Павлодар облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер анықталып, олардың көлігінен екі еліктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облыстық ПД мәліметінше, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Железин ауданының Раздельное ауылы маңында ВАЗ-21060 маркалы автомашинасын тоқтатып, салоннан екі еліктің өлексесін тапты.

«Көлік рөлінде ауыл тұрғыны болған. Автокөліктің салонын тексеру кезінде аңшылық мылтықтар, жабайы жануарлардың екі өлексесі — еліктер табылды. Заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еліктердің тәркіленген ұшаларына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

«Браконьер» іс-шарасы басталғалы бері полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының 95 бұзушылығын, оның ішінде аңшылық және балық аулау ережелерін бұзуды тоқтатты. 900 килограмнан астам заңсыз ауланған балық ресурстары тәркіленді.