Русский Сайттың толық нұсқасы

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында республика көлемінде 400 мыңнан аса көшет егілді

Қазақстан жерінің 5 пайыз аумағы- орманды алқап. Ағашты өлке еліміздің 13,7 млн гектарын алып жатыр. Мемлекет басшысы бұл аумақтарды жасылдандыру бойынша 2 млрд ағаш егуді тапсырған болатын. Оған қоса, 2030 жылға дейін орманды алқаптарға егілетін көшеттер санын 14,7 млн-ға жеткізуді жүктеді. Президент пәрмені кезең-кезеңімен орындалып жатыр. Сондай-ақ биыл "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында республика көлемінде 400 мыңнан аса көшет егілді. Оған 12 мыңға жуық адам атсалысты. 

АЗАМАТ ӘБУОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда инвентаризация жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 млрд ағашты егу бойынша, сапасын тексеру бойынша комиссия құрылып, тексерулер жүргізілген болатын бірқатар өңірлерде. Қазіргі таңда 6 облыспен осы жұмыс аяқталды. Мұны біздің бағынысты ұйымымыз талдау жасап жатыр. Бұл ақпаратпен республика бойынша бәрін жинап талдау жасап жатыр.