Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда азық-түлік қымбаттады

Елімізде азық-түлік қымбаттады. Әсіресе, көкөніс, жұмыртқа, тауық етінің ақысы өскен. Одан бөлек сүт өнімдерінің де құны біршама көтерілді. Бұған не себеп? Базардағы бағаны тілшілеріміз бағамдап келді.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 5 түрі қымбаттаған. Оның ішінде жұмыртқа, тауық еті, сүт, айран секілді сүт өнімдері бар. Мамандар азық-түлік түрінің қымбаттауы өнімдердің кейбір түрі бойынша сырттан тасымалдау әсер еткенін айтады.

РАШИД ҚОҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бағаның өсуі реси деректерге сәйкес бүгінгі күні Павлодар облысы бойынша } тауық еті, сүт 2,5 пайызға, айран 2,5 пайызға сүзбе сары май. Тауық еті бағасының өсуіні негізігі себебі облыс өз өнімдері болмауы болып табылды. Бірақ, бүгінгі күні келісім шарт қарастырылып жатыр. {Бағаны төмендету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дегенмен де, басқарма өкілдері кей тауар түрлеріне сәл де болса, бағаның түскенін айтады. Мәселен, қарақұмық 1 теңгеге арзандаса, сәбіз 4 теңгеге түскен. Ал бұқара базардағы баға күн санап өсіп жатыр дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Көбінесе сүт, нан қымбаттап жатыр. Күнделікті керек заттар. Сосын сливичный масло қымбаттап жатыр. Сосын сұйық май. Күнделікті адамдар қолданатын заттар көп қымбаттап жатыр.
- Өзіміздің фермерлер өсіріп жатқан бағалары қымбат. Пенсия қосса, сразу бағасын көтереді.
- Ну керек жарақтың бәрі қымбат. Етке, сүтке, нанға, рошки бәрі қымбат.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Мамандардың пікірінше, тұрақтандыру қорында қажетті азық-түлік қоры жеткілікті. Жақын арада тапшылық туындамайды - деп отыр. Дегенмен де, базардағы бағаны ұстап тұру мүмкін болмай тұр. Ақтөбеде жағдай қалай, әріптесім Бақыт Қазанғапқызы жалғастырады.

БАҚЫТ ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ақтөбеде де соңғы кезде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы шарықтады. Әсіресе көкөніс едәуір қымбаттаған. КСМ: Пияз, картоп, қырыққабаттың құны 9 пайыздан 17 пайызға дейін көтерілген. Тұрғындар бағаның күн санап құбылғанына өкпелі.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қымбат ұн да, картоп та мына көкөністердің барлығы қымбат. Бәрі қымбат. Бүгін қымбаттады да, ертеңіне тағы қосылып тұрады.
- Нанды 80 теңге дейді. 250, 300, бес жүз теңге дейін барады. Бұрын рожки 300 болса, қазір 500 теңгеден асады.

Статистика басқармасының мониторнигі де осының дәлелі. Соңғы аптада өңірде әлеуметтік маңызы бар деген 19 түрлі тауардың сегізі қымбаттаған.

ЛАУРА МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БАҒА СТАТИСТИКАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Қазіргі таңда пияз 17,4 пайызға қымбаттады. Қырыққабат 11,8 пайызға, картоп 9,3 пайызға тауық еті 2,0 пайызға, сары май 1,7 пайызға айран 1,4 пайызға қымбаттады.

Азық-түлік бағасының өсуіне не себеп, оған қандай факторлар әсер етіп жатыр талдау жүргізетін арнайы мониторингтік комиссия бар. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарларға негізсіз баға көтерудің 254 фактісі тіркелген. Бұл сауда орындарына мемлекеттік органдар ескерту жасайды немесе айыппұл салады.

АНАР ДАРЖАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ,«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бағаны тұрақтандырудың оперативті және ұзақ мерзімді шаралары бар. Оперативті шараға жататын ол мониторинг және қала бойынша жәрмеңке өткізу. Жыл бойына 86 жәрмеңке жоспарланған болса, бүгінгі күні жетпіс жәрмеңке өткізілді.

БАҚЫТ ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар мен басқа азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты мониторингтік топқа депутаттар, әкімдік өкілдері және бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті мамандарымен бірлесіп, сауда нысандарында үстеме рұқсат етілген 15 пайыз мөлшерінен асып кетуіне жол бермеу бойынша тексерулер жүргізеді. Бұл тексерістер әсіресе мереке қарсаңында қыза түспек.