Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дю Солей» циркі ЕХРО көрмесінің қонақтарына эксклюзивті қойылым дайындап жатыр

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2017
  • 2314

«Дю Солей» циркі ЕХРО көрмесінің қонақтарына эксклюзивті қойылым ұсынады. Қазір дайындық қызу. Бұл шоу-бағдарламаға 9 ай уақыт жұмсалған. Халықты тамсандыру үшін өнерпаздар барын салмақ. Бір айта кетерлігі, бұл жоба бұрын-соңды еш жерде көрсетілмеген және алдағы уақытта да бағдарламаларына енбейді. Эксклюзивті шоуда қазақы нақыштағы белгілер қолданылады. Яғни киімдеріне ұлттық ою-өрнек түскен, әуендерінен домбыраның күмбірлеген дыбысы естілетін болады. Қазір соңғы жаттығулар жасалып жатыр.

Бернар Пурье,  «дю Солей» циркі павильонының директоры:

Біз ЕХРО қарсаңында өз шоуымызды көрсету құрметіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Бұл жолғы қойылым арнайы Қазақстан үшін құрастырылып отыр. Өз шығармашылығымыз арқылы цирк мәдениеті мен қазақы нақышты байланыстырғымыз келеді. Ең үлкен шоуларымыздың бірі трамплин деп аталады. Оның ұзақтығы 7 минут,  37 адам қатысады.