Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенеуніктерге суретке түсуге және сұхбат беруге тыйым салынды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2024
  • 94

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының билігі жергілікті шенеуніктерге БАҚ өкілдеріне суретке түсуге және бейне сұхбат беруге ресми түрде тыйым салды, деп хабарлайды Bugin.kz 

Орталықтың мәліметінше, Ауғанстандағы "Талибан" уақытша үкіметінің БАҚ бостандығына қарсы әрекеттері артып келеді.

Қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін жариялағысы келмеген Нангархардағы БАҚ басшысы бұл бұйрықты жергілікті шенеуніктерге облыс әкімінің орынбасары Азизулло Мұстафа бергенін хабарлады.

Провинцияның ақпарат және мәдениет департаментінің директоры Куреши Бадлун 12 қарашада ресми тұлғалар мен жергілікті БАҚ жетекшілеріне бұйрық туралы WhatsApp арқылы хабарлаған. Сондай-ақ Нангархар губернаторының орынбасары провинциядағы барлық шенеуніктерге енді жаңалықтарды тек жазбаша түрде бұқаралық ақпарат құралдарына беруді бұйырды.